Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді.
Жаңа жылды пойызда қарсы алатын қазақстандықтардың саны белгілі болды
773
оқылды

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды қарсы алады, – деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы".

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның пойыздары жұмысын жалғастырады. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды жолда қарсы алады. Осы мерекелік күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар – Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей және Алматы-Семей.

Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1 774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.

"Жолсеріктер арасында Жаңа жылды жыл сайын пойызда қарсы алатындар бар. Дәстүр бойынша түнгі сағат 00:00-де олар жақындарына қоңырау шалып, құттықтау сөздерін айтады. Содан соң, отбасы  жіберген жаңажылдық суреттерді қарап отырып, жанұясының жылулығын сезінеді. Бұл сәттер олардың мерекелік көңіл-күйін сақтап, алға жетелейтін ерекше естеліктерге айналады", – делінген "Жолаушылар тасымалы" хабарламасында.

Айта кетсек, жұмысқа шыққан жолсеріктер кесте бойынша жолда 15 күн бойы қызмет атқарады.