2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясына кіретін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді.
Қазақстан елшілігі Ресейге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
523
оқылды

Ресейдегі Қазақстан елшілігі Ресейге визасыз режимде кіретін шетелдіктердің уақытша болуының рұқсат етілген мерзімін өзгеретінін ескертті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Елшіліктің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясына кіретін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді.

“Шетелдіктердің Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 90 күнге дейін қысқартылды (бұрын олардың  Ресей аумағында болу уақыты 180 күн ішінде 90 күннен аспауы тиіс еді)”, – делінген хабарламада.

Ресей Федерациясының аумағында оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар жылына 90 күннен астам уақыт бола алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.