Үш өңірде жолдар жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 1 қаңтар сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты
Қостанай облысында:
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 108-232 шақырымы аралығында ( Әулиекөл-Ақмола обл.шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
Ақмола облысында:
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 232-260 шақырымы аралығында ( Қостанай обл.шекарасы-Сұрған)
- “Жақсы-Есіл-Бұзылық” автожолының 71-82 шақырымы аралығында (Ақсай-Бұзылық)
- “Жезқазған-Петропавл” автожолының 536-553 шақырымы аралығында (Бұзылық-Сұрған)
көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
2025 жылғы 2 қаңтар сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған.
2025 жылғы 1 қаңтар сағат 15:00-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының
- 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін)
- 729-768 шақырым аралығында (Қостанай обл. шекарасы-Тоқсан би) учаскелерінде
көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
2025 жылғы 2 қантар сағат 09:00-да жолды ашу жоспарланған.
2025 жылғы 1 қантар сағат 15:00-те Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2025 жылғы 02 қантар сағат 09:00-да жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.