Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель өмірден озды. Саясаткер мемлекетті 2001-2006 жылдар аралығында басқарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Арнольд Рюйтель 31 желтоқсан күні 96 жасында өмірден өтті. Саясаткердің қазасы туралы президенттің канцеляриясы хабарлады.
"Эстонияның президенті Алар Карис пен елдің бірінші ханымы Сирье Карис және президенттің канцеляриясы президенті Арнольд Рюйтельдің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", – делінген ресми хабарламада.
Бұрынғы президент Арнольд Рюйтельдің құрметіне Эстонияда мемлекеттік жерлеу рәсімі өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.