Өткен тәулікте 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 158 шығу жасады.
"158 рет көмекке шықты": құтқарушылар Жаңа жыл түні қалай жұмыс істегендерін айтты
Фото: t.me/qr_tjm
420
оқылды

Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

"Өткен тәулікте 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 158 шығу жасады, оның 88-і өрттер мен жану оқиғаларына, 70-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 25 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз", - делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.