Синоптиктердің болжамы бойынша ертең республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі.
2 қаңтарда ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,891
оқылды

Казгидромет ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша ертең республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі. 

2 қаңтарда Қарағанды облысы, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал.

Түнде Ұлытау облысында қарлы боран болады.

Еліміздің орталық, оңтүстік, шығыс аймақтарында, Ақтөбе облысының батысында боран болып, көктайғаққа ұласады.  

Астанада қар, боран, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні түнде 15-20, таңертең секундына  25 метрге жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.  

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында қарлы жаңбыр, боран, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.  

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысында қарлы боран, тұман, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.  Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде  23 метрге жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.