Түркістан облысының полициясы жалпы 23 жеңіл көлік пен 37 жүк көлігіне көмектесті.
Полицейлер боранды күні жолда қалған 60 көлікке көмектесті (видео)
Видеодан скриншот
937
оқылды

Түркістан облысында полиция боранды күні таулы аумақта жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Созақ ауданы Екпінді-Бірлік тасжолында жол жиегіне шығып кеткен DAF маркалы ауыр жүк көліктерін полиция қызметкерлері қауіпсіз орынға шығаруға көмектесті.

Түркістан облысының полициясы жалпы 23 жеңіл көлік пен 37 жүк көлігіне көмектесті. Кейбірінде сақшылар ұзақ жолдан келе жатқан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне ыстық шай мен тағам жеткізіп берді.

Азаматтар полиция қызметкерлеріне шынайы алғыс білдірді.