Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Черногория халқына көңіл айтты
383
оқылды

Мемлекет басшысы Черногория президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Цетине қаласының тарихи орталығында ер адам тұрғындарға оқ жаудырды.

Бардағы атыстан кейін ер адам далаға шығып, өтіп бара жатқан адамдарға да оқ атқан.

Елдің ішкі істер министрі Данило Сарановичтің айтуынша, атыс салдарынан бірнеше адам жарақат алып, кемінде 12 адам көз жұмған. Олардың екеуі – мекеме иесінің балалары.