Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2 қаңтарда сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің өздігінен түсу қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановский кілттері" автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, 6-166 шақырым, Ушановское а. учаскесі-Алтай қаласы», - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.
Жолды 3 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.