Алматыдағы «Москва» сауда-ойын-сауық орталығында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. М.Әуезов ауданында орналасқан «Москва» сауда-ойын сауық орталығының шатырындағы ауа тартқыш құбырда май қалдықтары жанып, кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылды.
«10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге жеке құрамнан 65 адам және 20 арнайы техника жұмылдырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.