Өнер иесі аурухана төсегіне таңылып жатқанда бақыт деген ұғымның мағынасын терең түсінгенін айтады.
«Ауруханада жатқанда Мұқағали Мақатаев аян берді»: Айжан Нұрмағамбетова жол апатына түскен кезі туралы айтты (Видео)
Фото: видеодан кадр
4,087
оқылды

Әнші Айжан Нұрмағамбетова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жол апатына түскен сәті туралы айтты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі аурухана төсегіне таңылып жатқанда бақыт деген ұғымның мағынасын терең түсінгенін айтады. Сол кезде ақын Мұқағали Мақатаев сөзін жазған әндерді орындауы бекер емес екенін жеткізді. 

“40 жасымда жол апатына түстім. Оң аяғымның еті жыртылып кеткен. Төсекке танылып, үш ай жаттым. Одан кейін операциядан кейін тағы үш ай күтінуге тура келді. Сол кезде мен көп дүниенің қадірін білдім. Өмірге қайта келгендей болдым. Бұрын ешкімді жамандамай, дұшпанымды жауға қалдырмайтын адам едім. Одан кейін тіпті періште болдым. Осы күнге дейін ешкімге ауыр сөйлеп, қарғап көрмедім. “Бақыт” деген әнімнің мағынасын сезіндім. Мен түнде жол апатына түстім. Дәрігерлер түнгі үште ота жасады. Сол кезде мен “Тездетіп бітіре салыңыздар, ертең концертім” деп айттым. Алда мені не күтіп тұрғанын білген жоқпын. Өз бетіңше бет жуып, тамақ ішу – бақыт екен. Жол апатына дейін “Мен деп ойла” мен “Бақыт деген...” әндерді жарыққа шығарып үлгердім. Екеуі де Мұқағалидікі. Ақтөбелік талантты композитор Бақтығали Жұмалин Алматыға келіп, эстрада әншілерімен жолыққысы келді. 30-ға жуық әнші ұсыныстан бас тартқан. Мен ғана жеті әнін таңдап алдым. Бірі – Мұқағали атамыздың “Бақыт деген...” әні болды. Бұл тегін емес. Аурухана төсегінде жатқанда Мұқағали атамыз менің маңдайымнан сипап, “Тұра ғой” дегендей аян берді. Осы әндер халыққа кеңінен таралды”, – деді әнші.   

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.