1 қаңтар күні Петропавлда Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жас жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін байқап қалған.
Олардың айтуынша, жастар әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түскен. Онысымен қоймай, бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен. Бұл туралы POLISIA.KZ хабарлады.
Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады. Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды.