Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін Матеус Николауға қарсы өткізген.
UFC-дің чемпиондық белбеуі: Асу Алмабаев аустралиялық Стив Эрцегпен жұдырықтасады
aikyn.kz
592
оқылды

Әлемнің ең үздік тұжырымы UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізген Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықталды. Бұл туралы Sportministri Instagram парақшасында хабарлады.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев UFC-дегі соңғы жеңісінен кейін тұжырымның аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде 8-орынға көтеріліп, чемпиондық белбеуге бір табан жақындаған еді. Енді Алмабаев 2025 жылдың басында шаршы алаңға қайта оралады. Ол келесі жекпе-жегін 1 наурыз күні өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқан аустралиялық Стив Эрцегке қарсы жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін Матеус Николауға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.