Астана-Петропавл автожолында жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясымен күшімен жол-көлік оқиғасына ұшыраған 95 көліктің 14-і шығарылды, ал 30 көлік өздерінің қозғалысымен кетті.
Оқиға орнында әлі 49 бірлік көлік бар. 14 арнайы техника мен 20 адам жұмылдырылды.
Жол-көлік оқиға салдарынан 12 адам зардап шекті. Олар аудандық ауруханаға орналастырылды. 15 адам Ақкөл қаласындағы жылыту пункттеріне жеткізілді.
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің келісімімен қауіпсіз айналуды қамтамасыз ету мақсатында қисық білеу демонтаждалды. Жолды сағат 22:00-де ашу жоспарланып отыр (Жоспарланған ашу уақыты ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.