Ауа райына байланысты Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«3 қаңтарда сағат 20:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» 526-702 шақырым аралығында (БҚО шекарасынан – Маржанбұлақ ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 4 қаңтарда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.