Ол саусағындағы сақинаны өзі шеше алмаған.
Саусағындағы сақинаны шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырды
Фото: ТЖМ
428
оқылды

ТЖМ құтқарушылары саусағындағы сақинаны өзі шеше алмаған әйелге көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бүгін Рудный қаласы Восточная көшесі бойындағы үйлердің бірінде 1987 жылы туған әйел саусағындағы сақинаны өздігінен шеше алмай 112 жедел қызметінің көмегіне жүгінді. 

ТЖМ қызметкерлері жіп пен сұйық сабынның көмегімен сақинаны  әйелдің саусағынан шешті. Әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ. 

«Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.