Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2025 жылғы 4 қаңтарда сағат 09:30-дан бастап Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ал бүгін, 4 қантарда сағат 07:00-де келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылуы жоспарланған:
Қостанай облысы:
– "Жезқазған-Петропавл" 252-339 ш , Ұлытау облысы шекарасы учаскесі – Арқалық қаласы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.