Ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған.
Қазақстанда терроризмді насихаттаған екі адам сотталды
Фото: istockphoto.com
226
оқылды

Елімізде терроризмді насихаттағаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған екі азаматқа қатысты сот процесі аяқталды. Екеуі де кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Бұрын ҰҚК терроризмді насихаттағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алған екі ҚР азаматына қатысты сот процесі аяқталды. 

Солардың бірі – Тараз тұрғыны. Ол айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған. 

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Тағы бірі – Алматы тұрғыны. Ол бірнеше рет сотты болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған. 

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. 

Жалпы, 2024 жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.