Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойында 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Қазақстан құрамасы теннистен United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды
Фото: ҰОК
661
оқылды

Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup командалық турнирінің финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда біздің теннисшілер Польша құрамасымен кездесті.

Алғашқы ойында Александр Шевченко Хуберт Хуркачқа 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.

Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойында 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.

Турнирлік маңызы жоқ соңғы кездесуде Жібек Құламбаева мен Александр Шевченко Майя Хвалиньска және Ян Зелински жұбына 4:6, 1:6 есебімен жол берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.