Әнші Балжан Бидаш жаңа жыл қарсаңында өткен жылдың есебін берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өткен жылы түрлі жағдайды бастан өткергенін, сонымен қатар алға қадам жасап, кәсіп ашқанын айтты.
“Бұл жылы мен көптеген қиындықтан өттім. Олардың әрқайсысы маған мықты әрі тәжірибелі болуға мүмкіндік берді. Бұл өзгерістер, қателер мен табыстарға толы жыл болды. Ол мен үшін өсуге жаңа көкжиектерді ашты. Мен өз кәсібімді ашуға шешім қабылдап, әнші ретінде алға қадам жасадым. Бұл шынайы сынақ болды, бірақ мен тоқтамай, алға жылжығаныма мақтанамын”, – деп жазды әнші.
Балжан Бидаш қыз-келіншектерді жігерлендіріп, үнемі даму жолында жүруге шақырды.
“Менің айналамда мені шабыттандыратын, қолдайтын және бірге өсіп келе жатқан керемет әйелдер бар. Біз, сөзсіз, барлық күш-жігеріміз бен жетістіктеріміз үшін мақтауға лайықпыз. Біз өзімізді қуанта білуіміз керек, өйткені біз өзіміздің ең жақсы нұсқамыз болу үшін көп нәрсе істеп жатырмыз”, – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.