Қызылорда облысында ауа райының жақсаруына байланысты Самара-Шымкент тасжолында қозғалыс қайта жанданды.
Самара-Шымкент тасжолында қозғалыс қайта жанданды
285
оқылды

Полиция қызметкерлері тұрып қалған көліктерді өткізіп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ауа райы қолайсыз кезде полицейлер 275 жүк көлігі, 113 жеңіл және 12 қоғамдық көліктің жүргізушісіне көмек көрсетті. Шамамен 1000 адамға көмек берілді. Көктайғақ салдарынан 4 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол бойында қиын жағдайда қалған 500 жүргізушіге көмек көрсетті. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы 7 полиция экипажы кезекшілік атқарды.

Полиция департаменті азаматтарды қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қысқы уақытта барынша сақ болуды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.