Бұл вирус өкпені зақымдап, COVID-19 және тұмауға ұқсас белгілерді көрсетеді.
Қытайда жаңа метапневмовирусы өршіді
Фото: видеодан кадр
487
оқылды

Қытайда жаңа метапневмовирусы (hMPV) өршіп, науқастар саны көбейіп жатыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Бұл вирус өкпені зақымдап, COVID-19 және тұмауға ұқсас белгілерді көрсетеді: діріл, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік және бас айналу.

Сонымен қатар Еуропада Жаңа жылдан кейін В типті тұмау түрі өршіді.

 Францияда Рождестводан кейін жағдай нашарлады. Көбінесе 15 жасқа дейінгі балалар ауырып жатыр.

 Румынияда тұмаудың асқынуынан төрт адам қаза болды. Ұлттық денсаулық сақтау институты өткен аптада ресми түрде 4 100-ден астам жағдай тіркелгенін айтады. Испанияда да тұмау, бронхиолит және COVID-19 көрсеткіштері артып келеді. 

Сақтық шарасы ретінде үш облыстағы ауруханалар міндетті түрде бетперде киюді қайта енгізіп жатыр. Дәрігерлердің болжауынша, елде апта сайын 2 миллионнан астам жұқтыру жағдайы анықталады. Биыл ең көп В типті тұмау таралған. 

Соның кесірінен дене қызуы көтеріліп, аяқ-қолы ауырып, жөтеледі. Ол 60 жастан асқан ауыр респираторлық аурулармен ауыратын науқастарға қауіп төндіреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.