Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында тойда сирек өнер көрсететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі той әншілердің негізгі табыс көзі екенін жасырмады. Алайда өзінің шығармашылығы тойға арналмағанын атап өтті.
«Мен тойға өте сирек шығамын. Ары кетсе айына бір рет қана. Жалпы, мен той әншісі емеспін. Менің репертуарым тойға арналмаған. Сондықтан мені әндерімді ұнататын және әнші ретінде мойындайтын адамдар ғана шақырады. Кеңес заманында аз болса да тойлар болатын. Мен тойға шығуға ұялатынмын. Қазір бұл – қалыпты жағдай. Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Соның ішінде мен де бармын. Мен концерттерде өнер көрсететін әншімін», – деді Роза Рымбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.