Құжат осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Елдегі сұйытылған мұнай газының бағасы өзгере ме?
1,055
оқылды

Энергетика министрі 2024 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрықпен тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есептемегенде тоннасы үшін 45 158 теңге мөлшерінде шекті бағасы бекітілсін", – делінген бұйрықта.