Астанада кей уақытта жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
7 қаңтарда еліміздің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, бұрқасын соғады
Ашық дереккөз
2,399
оқылды

Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 7 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі, деп хабарлайды Aykin.kz. 

Жетісу облысының таулы аудандарда тұман түседі.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, орталығында қалың қар жауады. Түнде бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын. Көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді. 

Қарағанды облысының батысында, орталығында қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ, күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қалың қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні - 18 м/с.