Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті қолға түсті
Рolisia.kz
281
оқылды

Астана Полиция департаменті Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Aykin.kz. 

"58 жастағы зейнеткер шетелде оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалған. Жәбірленуші немересінің арманын орындаймын деп, қателікке жол берді. Күдікті оқуға баратын бес елді ұсынып, өз есепшотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі – шамамен 18 миллион теңге", – деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған ұқсас тағы 49 эпизод бар екені белгілі болды.