Қостанай облыстық ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері иісшіл иттің көмегімен жиһаз цехында есірткі жасырған 38 жасар тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Ол аталмыш цехта жеке кәсіпкер ретінде тапсырыс арқылы жиһаз жасаумен айналысқан.
Зертханалық тексеріс нәтижесінде тәркіленген заттар – 600 грамм гашиш пен 500 грамм марихуана екені анықталды. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі затына жатады және жауапкершілігі де ауыр – он жылдан он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.
Аталмыш факті бойынша тергеу жалғасуда.