Жол апаты туралы ақпарат 5 қаңтарға қараған түні түскен.
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
ТЖМ
314
оқылды

Ресейдің Самара облысындағы Самара – Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында Қазақстанның тоғыз азаматы жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Aykin.kz. 

Апат салдарынан жеті қазақстандық зардап шекті, екеуі қайтыс болды, олардың мәйіті Қазақстанға жеткізілді.

7 қаңтар күні таңертең зардап шеккен жеті адам, оның ішінде екі бала жедел жәрдеммен Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілді.

Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.

Бұл операцияға Төтенше жағдайлар департаменті мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Оралдан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.