Операция шамамен бес сағатқа созылған.
"Ішекте 39 магниттік шар тұрып қалған": Ақмолада дәрігерлер 4 жасар баланы аман алып қалды
www.istockphoto.com
282
оқылды

Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургтары төрт жасар баланың ішегінен 39 магниттік шарды алып шығып, оның өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігінің телеграмм арнасына сілтеме жасай отырып.   

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас шұғыл түрде Зерендіден балалар ауруханасына 2 қаңтар күні жеткізілген. Кенеттен баланың жағдайы күрт нашарлап, іші қатты ауырсынып, қайта-қайта лоқси бастаған. Рентген аппаратымен тексеру кезінде науқастың ішегінде көптеген бөгде заттың бары анықталған.

Балалар хирургі Сәлімжан Жақыповтың айтуынша, операция шамамен бес сағатқа созылған.

- Баланың тоқ ішегі мен аш ішегі зақымдалып, перфорация мен перитонит тудыратын 39 дөңгелек пішінді магнит болған. Оны ішек жолдарынан алып тастау және оның салдарын жою ауыр зақымдануға байланысты күрделене түсті, –деді дәрігер.

Операцияны хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізді. Тәжірибелі мамандардың біліктілігі мен уақытылы араласуының арқасында баланың өмірін сақтай алды.