Ауа райына байланысты Алматы мен Астана қалаларының әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады.
Алматы мен Астана әуежайы: бірқатар рейс кешігіп жатыр
istockphoto.com
614
оқылды

Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.

2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, деп хабарлады әуежайдан.

Айта кетейік, Алматы әуежайының онлайн-таблосының деректеріне сәйкес ұшуға тиіс ішкі және халықаралық рейстің 10-нан астамы кешіктіріліп жатыр. Тіпті, бірнеше рейстер тоқтатылды.