Бір таңғаларлығы, ол диета мен дұрыс тамақтану артық салмақ мәселесін толығымен шешпейді деген пікірде.
«11 келіге арықтадым»: Айжұлдыз Адайбекова құпиясын айтты
Фото: видеодан кадр
1,054
оқылды

Актриса Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай арылғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, ол 63 келіден 52 келіге дейін арықтаған. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында салмақ тастау әдісіне тоқталды.

Бір таңғаларлығы, ол диета мен дұрыс тамақтану артық салмақ мәселесін толығымен шешпейді деген пікірде. Айтуынша, бұл уақытша нәтиже беріп, адам кейін қайта салмақ қосуы мүмкін.

«Мен дұрыс тамақтанып, түрлі диета ұстадым. Иә, арықтадым. Бірақ қайтадан артық салмақ қостым. Содан кейін мәселе тамақта емес, адамның ойында екенін түсіндім. Қазір сымбатты болып жүру жайында аффирмацияны осылай жазамын», – деді актриса.