«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Жұптық фристайл-могул: қазақстандықтар әлем чемпионатының жүлдегері атанды
435
оқылды

Денис Раструба мен Юлия Фиклистова жұптық фристайл-могулдан күміс жүлде жеңіп алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz qazsport-қа сілтеме жасап.

Бүгін Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандық спортшылар күміс медальге ие болды.

Жұптық сында Қазақстан-2 командасы (Денис Раструба, Юлия Фиклистова) финалға жетіп, 28 ұпай жинады. Бірінші орынды АҚШ-2 құрамасы алса, үздік үштікті тағы америкалық жұп түйіндеді.