"ҚазАвтоЖол" Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2025 жылғы 9 қаңтар сағат 18.30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.
Жолды 10 қаңтар сағат 09.00-де ашу жоспарланған.
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.