Мүфтият еліміздің алғашқы бас мүфтиі болған Рәтбек қажы Нысанбайұлына көлік мінгізді, - деп хабарлайды Аikyn.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Мұнара" газетінің бас редакторы Серікбол Хасан мәлімдеді.
– Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толады. Ал осы басқарманы құрған алғашқы бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы 85 жасқа келеді. Қос атаулы датаның құрметіне орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек қажының иығына шапан жауып, темір тұлпар сыйлады, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы еліміздің 1990-2000 жылдардағы бас мүфтиі қызметін атқарған. Кейін бұл міндет 2013 жылға дейін Әбсаттар Қажы Дербісалыұлына жүктелді. 2013-2017 жылдары бас мүфти лауазымын Ержан қажы Малғажыұлы, 2017-2020 жылдары Серікбай қажы Ораз атқарды. Ал 2020 жылдан бері Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти лауазымына бекітілді.