Әнші әкесінің өмірден өткенін әлі де қабылдай алмай жатқанын айтты.
"Әлі сене алар емеспін": Ернар Айдар марқұм әкесін еске алды
aikyn.kz
919
оқылды

Танымал әнші Ернар Айдар әкесін есіне алып, Іnstagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялады. Әнші әкесінің өмірден өткенін әлі де қабылдай алмай жатқанын айтты.

- Өткен жылдың 26 желтоқсанында, бейсенбі күні асқар тауым әкешім өмірден өтіп, ертесіне қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылды. Әлі сене алар емеспін. Ақиқатында, біз Алланікіміз һәм асылында, біз оған қайтамыз. Бірақ қимастық сезім өзекті өртейді екен.

Әкешіме Алладан рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың Оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат тілеймін, жатқан жеріңіз жайлы болып, жаратқан алла жұмақтың төрінен орын берсін. Әр жылы әулетімізбен 1 қаңтар анашымды туған күнімен құттықтап, қара шаңыраққа жиналып асқар тау әкеміздің ақ батасын алып, арқа-жарқа болушы едік. Анашым, Алладан тілерім деніңіз сау, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Біздің бақытымызға сіз аман болыңыз. Баршаңызға амандық тілеймін", – деп жазды.

Айта кетейік, 26 желтоқсан күні Ернар Айдардың әкесі өмірден өткен еді.