OLIMPBET оралды
OLIMPBET оралды
493
оқылды
Olimp.kz жабылды де­генде жұрт бөркін ас­пан­ға атып қуанған. Көбі сенің­кіре­мей жүрді. Алдымен сайты бұғатталды. Аз күн­нің ішінде еліміздің бар­лық аймағындағы кең­се­лері жоқ болды. Халық аң-таң. Тек бәс тігетіндер уайымға салынып, «шо­тымыздағы ақшамыз­дан айырылып қаламыз ба?» деп алаңдағаны рас. Кейін олардың тең жар­ты­сы өзге бук­ме­керлік сайттар­ға тіркелді. Бірақ... Бұл хи­кая да ұзаққа созыл­ма­ды. Ар­тынша бұрынғы букмер­кер­лік орталық OLIMPBET деген атаумен жұмысын қай­та жалғас­тырды. Атауы өз­гергені болмаса, сол бая­­­ғы бук­мекерлік компа­ния. Енді, міне жаңа бәс тігетін орта­лықтың кеңсе­ле­рі де күн өткен сайын кө­бе­йіп жатыр. Оны қойшы, басқасы-басқа OLIMPBET букмекер ком­па­ниясының футболдан ел бірін­ші­лігінің басты серіктесіне айна­лып шыға келгені көпші­лік­ті таңғалдырды. Сөйтіп, 3 жыл бойы футболдан Қазақстан чемпионаты «OLIMPBET – фут­­болдан Қазақстан Чемпио­на­ты» деп аталатын болды. Бұл шешім Қостанайда өткен атқару комитетінің жиынында қабылданды. «Қазақстан футбол федера­ция­сы мен Қазақстанның кәсіп­қой футбол лигасы OLIMPBET бук­мекер компаниясымен се­рік­тестік жөнінде келісімге қол қойды. Серіктестік 3 жылға созы­лып, 2020, 2021 және 2022 жыл­ғы маусымдарды қамтиды. Келісім бойынша қазақстандық жоғары дивизионның жеке ло­го­типі мен ресми атауы 2020 жыл­дың наурызынан бастап өзгереді. Енді ішкі чемпионат «OLIMPBET – футболдан Қа­зақ­стан Чемпионаты» деп ата­­лады» делінген лига ақпа­ра­тында. Анықтап қарар болсақ, осы тек­тес атаулар шетелдердегі чем­пионаттарда да бар. Бір кез­дері ағылшын Премьер-ли­гасы да Barclays Премьер-лига деп аталғанын футбол жан­­­күйер­лері жақсы біледі. Ал Bar­clays деп отырғанымыз – Ұлы­британиядағы ірі қаржы ком­­панияларының бірі. Өзге чем­пио­­наттардан мұн­дай мы­сал­­дар­дың түр-түрін кел­­тіру­ге болады. Атап айтар бол­сақ, осы жылы Ресей­де­гі ком­мер­ция­лық банк «Тинь­кофф» РФПЛ-дың бас се­рік­­тесі атан­ды. Біздің лигаға әзірге букме­кер­­лік орталықтар ғана демеуші болуда. РФПЛ-дағыдай бәсе­ке жоғары болғанда бәлкім ал­па­уыт компаниялар да де­меу­ші бола жатар. Әзірге біздегілерге спорттық шараларда OLIMPBET, 1ХBET бастаған бук­­­мекер­лік кеңселердің жарна­ма­­ларынсыз жарыс өтпейтіндей көрі­неді де тұрады. – Теңбіл доптың тамашасы еш­қашан таусылған емес. Оның жанкүйерлерді өзіне тартатын тылсым күші де ерекше. Бірақ кейінгі кездері футбол спорт ретіндегі мәнін жоғалтып бара жат­қан сыңайлы. Осыдан 10-15 жыл бұрын жанкүйерлер қандай еді? Қазір мүлдем өзгерді. Теле­дидар не смартфон бетіне үңіл­ген жастар футболды қалай қа­райды дейсіз ғой?! Шыны ке­рек, көбі бәс тігеді. Футбол ар­­қылы ақшалы болғысы келе­ді. Шықпай қалса аһ ұрып, сол ко­манда ойыншыларын жа­ман­дай­ды. Тіпті, кей жан­күйер­­лер бәс тікпей футбол қарауды қызықсыз санайды. Бүгінде футбол спорттық тұрғыдан емес, бизнес ретінде қатты дамып кетті. Біріншісінен екіншісі алға озып барады. Қалай да бол­сын, маркетинг жолымен қыруар қаржы табуды көздейді. Маркетинг керек-ақ. Бірақ тым көбейіп кетпеді ме? Мысалы, өзіміздің Премьер-лиганы-ақ алып қарайық. Қаптаған бук­­мекерлердің жарнамасы. Ол аздай, осы маусымнан бас­тап келісім бойынша жоға­ры ди­­ви­зионның жеке логотипі мен ре­сми атауы «OLIMPBET – фут­болдан Қазақстан Чем­­пио­наты» деп өзгерді. Теле­ди­дар­дан футбол қарап отырсаң, комментатор бір таймда бір­не­ше рет букмекердің атын ай­тып, коэффициентін жа­рия­­лап, жұртты қызық­ты­ра­ды. Ойынның бірінші бө­лі­гі аяқталғанда тағы да сол бук­­­мекердің жарнамасы. Әй­те­уір, біт­пейтін жарнама... Жай жар­­­нама емес, жастарды елік­тіретін, оңай ақша табуға же­лік­ті­ретін жарнама. Олай бол­­са, Қазақстан Премьер-ли­­га­сы емес, «букмекерлер Пре­мьер-лигасы» дейік. «Таяқ­тың екі ұшы бар» демекші, бәз­бі­реулер үшін букмекерлерді жар­намалау тиімді. Бірақ жар­­наманы да шамадан тым асырып жібергендейміз. Бел­гі­лі бір деңгейде шектеудің бол­ға­ны жөн. Себебі жастарды лу­домания дертімен өзіміз улап жатырмыз, – дейді спорт жур­на­ли­сі Өмірбек Сансызбай.  

Olimp.kz жабылғанымен, оның орнына басқа компания OLIMPBET деген атаумен бук­мекерлік кеңсе ашты. Бұрын­ғы­дан басқа болғанымен, іш­кі құрылымы, дизайны бір­дей. Olimp – Қазақстан нары­ғын­­дағы ең сенімді кеңсе бо­­­­ла­тын және қолдануға ың­­­­­­ғай­лы ин­терфейсімен бас­қа­­­­лар­­дан ерекшеленетін. Жаңа OLIMPBET-тің тек аты ауыс­қанымен, заты ауыс­­пай­ды.

  Ал блогер Аршат Ораз жар­на­ма нарығында букмекер­лік кеңселерінің дәурені жүріп тұр­ға­нын сөз етті. – Olimp.kz жабылғанымен, оның орнына басқа компания OLIMPBET деген атаумен бук­мекерлік кеңсе ашты. Бұрын­ғы­дан басқа болғанымен, іш­кі құрылымы, дизайны бір­дей. Olimp – Қазақстан нары­ғын­­дағы ең сенімді кеңсе бо­­­­ла­тын және қолдануға ың­­­­­­ғай­лы ин­терфейсімен бас­қа­­­­лар­­дан ерекшеленетін. Жаңа OLIMPBET-тің тек аты ауыс­қанымен, заты ауыс­­пай­ды. Ойыншыларға ең ма­ңыз­дысы – ақша салу және шы­­ғарудың жылдам болуы, сайт­тың түсінікті, ыңғайлы, қа­ра­пайым болуы. Қазіргі кең­се­нің қожайыны заң жүзінде өзгергенімен, бұрынғы жүйе қала береді. Қазір жарнама нары­ғында букмекер кеңсе­ле­рі біраз орын алып тұр. Ин­тер­­неттен бөлек сыртқы жар­на­мада да тұтынушыға талас жүріп жатыр. Соның бірі – әлбетте ко­мандаларға демеуші болу не­месе тұтастай бір чем­пио­нат­тың атына демеуші болу. Бұл жерде негізі демеушілік емес, жарыс атауына кеңсе атын қосу – таза жарнамалық әрекет. Бізден басқа көптеген елде бар нәрсе. Сондықтан чемпионатқа букмекер демеуші болғасын ойындар сатылады деген әңгіме бос сөз. Тап-таза маркетингтік қадам. Жаңа OLIMPBET өздерінің ойынға қайта оралғанын, аты өзгеріп, кішігірім ребрендинг жа­са­ған­дарын спорт жанкүйер­ле­рі көп қарайтын футбол арқылы жарнамалап, жариялауы – қа­лып­ты құбылыс, – дейді ол. Тағы бір танымал бло­гер Алмас Тоқабаевпен әңгі­­ме­лес­ке­німізде, оның OLIMPBET бук­­­ме­кер компа­ния­сы­ның фут­бол­­­дан Қазақстан чемпио­на­тының серіктесі болғанына қар­сы емес екенін айтты. – Olimp.kz букмекерлік кең­сесі жайдан-жай жабылған жоқ. Бәрі букмекерлік кеңсенің салық төлемегендігінен болды. Сол бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нарықтың босап қалған орнына өзгелерінің басқа атаумен ашылуы, соған ұқсас боп ашылуы бәсекелестіктің артқандығының көрінісі деп ойлаймын. Адамдарда сұра­ныс бар, демек сұранысты қа­на­­ғаттандыратын ұсыныс әрқа­шан нарықта шығып отырады. Бұл – заңдылық. Ал Қазақстан чемпионатының серіктесі бол­ға­нына қарсы емеспін. Жал­пы, біздің отандық футболға бук­мекер, казино болсын, басқа болсын, әйтеуір заңды жолмен әкелген ақшасымен демеуші болам десе, оған қуану керек. Ең бас­тысы, Үкіметтің ақшасына, об­лыстың бюджетінен қаржы­лан­дыруды тоқтатқан жөн. Жеке кәсіпкерлер қолына алып, өздерінің ақшаларын салып, сол арқылы пайда табамыз десе, бұл бір жағынан халықтың ақ­ша­­сына үнем болады. Екін­ші жағынан футболдың да ком­­мер­цияланып, дамуына өз әсе­рін тигізеді. Қазақстан чемпионатының OLIMPBET деп аталуында тұрған ештеңе жоқ. Кезінде Пав­лодардағы «Бастау» деген арақ шығаратын завод «Ертіс» клубы­ның бас демеушісі бол­ған. 2000 жылдары «Ертіс-Бастау» деп аталатын. 1996-2000 жыл­дарға дейінгі ара­лық­та Семейдегі «Семей су» да чем­пионаттың серіктесі атан­ған. Сондықтан спорттық бәс тіге­тін бук­мекерлердің демеуші болуы­на таңданыспен қараудың реті жоқ. Ең бастысы, салығын төлесін, заң аясында жұмыс істесін. Заңды жолмен тапқан ақ­шасына кімге демеуші бола­ды, қалай демеуші болады, ол өзде­рінің құзырындағы дүние, – деп қорытты ойын Алмас Тоқабаев. Иә, кім не десе де үш маусым бойы Қазақстан Премьер-лига­сы­ның бас серіктесі OLIMPBET бук­мекерлік компаниясы бола­ды. Алдағы уақытта басқа да спорт түрлерінен өтетін тур­нир­лерге, чемпионаттарға осы секілді өзге де букмекерлік ком­паниялар серіктес атанып, біріншілік атауына өз атын жаздыратындар көбейе береді. Бұл өз кезегінде спорттық клуб­тарға тиімді болғанымен, бәс тігуге үгіттейтін жарнама­лар­дың жер-жерде жариялануы халыққа кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Онсыз да телеарналардан, көп­теген танымал сайттардан «Ақша тігіп, ұтысқа кенел» деген жөн­сіз үгіттеулердің қайта-қайта шы­ғуы жиілеп кетті. «Ақшасы төленді, бас серіктесіміз» деп белді телеарналардың орынсыз жарнамамен абыройын түсіруі қан­шалықты дұрыс? Қайткен күнде де бәс тігуге шақыру жақсылыққа апармасы анық.    width=Абылайхан ЖҰМАШ