Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді
Ақорда
167
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу-Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу-Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.