Әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялаған.
"Келмесе де өткен іске өкінгім, жасырмаймын, кейде қатты өкіндім. Өкпелеткен жанның бәрін сол сәтте, жүрек тыныш болуы үшін кешірдім", - деп жазды әнші бейнежазбаға.
Оның жазбасы көпшілікті ойландырып қойды. Желідегілер бұл жазбаға қатысты түрлі пікір білдіріп, өмірде кешірімді болу керегін алға тартқан.
"Қайрат сонда да мықты", "Әрбір жігіт өзіңдей болсын", "Сенің кешірімді жігіт екеніңді бүкіл ел біледі", "Дұрыс айтасың, кешірімді болу керек", "Бұл сөздер кімдерге арналған екен", "Сен жүрген жолмен еңбекқор,өнерді жан тәнімен сүйетін жан ғана жүре алады. Өнер жолы – ауыр жол", - деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.