Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен арнайы жасақ барып, жедел операция өткізді.
"Екеуі көз жұмды": Ақтөбеде ер адам бөтен үйге басып кіріп, үш адамды кепілге алған
1,447
оқылды

Ақтөбеде белгісіз ер адам бөтеннің үйіне басып кіріп, үш адамды кепілге алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

13 қаңтар күні кешкі сағат 20:00-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен арнайы жасақ барып, жедел операция өткізді. 

Осы оқиғаға қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

– Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.

Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды.

Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.

Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды.

Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде, – деп мәлімдеді облыстық ПД өкілдері.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктінің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.