2023 жылы қарашада Астана халықаралық әуежайы инвестор Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған еді.
Астана халықаралық әуежайы қала балансына қайтарылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі
533
оқылды

Бұған дейін Араб инвесторларына ұшу-қону жолағын толық жөндеу, аэровокзал кешенін жөндеу, алаңқайда үлкен аквахаб құру міндеттері қойылған. Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Елордалық әуежай акциялары  иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен  Terminals Astana Airport Management  ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.