Интерн маман келешекте оқуын үш жылдық резидентурада жалғастыруды жоспарлап отыр.
Ұшақта адам өмірін аман алып қалған студенттің оқу ақысын әкімдік төлеп беретін болды
Фото: inbusiness.kz
714
оқылды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда-Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін аман алып қалған Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әкім Дінмұхаммедтің жас болса да, шұғыл әрі батыл, сауатты әрекет жасағанына ризашылығын білдірді. 

Интерн маман келешекте оқуын үш жылдық резидентурада жалғастыруды жоспарлап отыр. Аймақ басшысы халықтың атынан алғыс ретінде Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін айтты.

– Дінмұхамед медициналық көмекке мұқтаж азаматқа дер кезінде алғашқы жәрдем көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Оның уақыт оздырмай қабылдаған шешімі, сауатты іс-қимылы өзі сияқты медицина мамандығында білім алатын жастарға үлгі-өнеге болды. Бұл арқылы Дінмұхамед өз мамандығын жақсы меңгергенін ғана емес, ата-анасынан, ұстаздарынан, аға буын әріптестерінен тағылымды тәрбие алғанын көрсетті, – деді Н.Нәлібаев.

Еске сала кетейік, бүгінде Дінмұхаммед Бектұрған Астана медицина университетінің 7-курс студенті. Қазір интернатурада оқып жатыр.