Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Алматы облысының тұрғынынан аса ірі көлемде героин табылды
Фото: @POLICE_of_KZ
246
оқылды

Есік қаласында полицейлер есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысты деген күдікке ілінген 52 жастағы тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

ІІМ баспасөз қызметі күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталғанын мәлім етті. Тінту барысында күдіктіден "Тропикамид” препараты табылып, үй ауласындағы қорадан ақ түсті ұнтақ зат тәркіленді. 

Сараптама нәтижесі тәркіленген зат 156 грамм героин екенін растады. Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктіні ұстау кезінде есірткілік мас күйде болғанын анықтады. Сатуға арналған есірткілердің мөлшері 350-ден астам дозаға тең, қара нарықтағы жалпы құны 7 миллион теңгеден асады. 

Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.