Блогер қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторында жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желідегі жазба арқылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін парақша админіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру") бойынша күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.