Мемлекет басшысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады.
Ауыр атлетика мектебі қалыптасты
489
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға іл­типат білдіріп, ынтымақтастықты ны­ғайтуға және Қазақстанда ауыр атлети­каны да­мытуға үлес қосқаны үшін феде­ра­­ция­лардың басшыларына ри­за­шы­лығын біл­дірді.

Президент елімізде спорттың осы түрі ерек­ше маңызға ие екенін атап өтті. Бү­гін­де 20 мыңнан астам отандасымыз ауыр атлетикамен жүйелі түрде айна­лы­сады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қа­зақстанда аталған спорт түрін ілге­рі­лету үшін федерациялармен нәтижелі әрі ты­ғыз қарым-қатынасты жандандыруға на­зар аударды.

Өз кезегінде Мұхаммед Юсуф әл-Мана қо­нақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанда ауыр атлетика мектебі қа­лып­тасқанын мәлімдеді. Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында ауыр ат­летикадан Орталық Азия елдері үшін өңірлік хаб құруға қажетті жағдай жа­сал­ғанына тоқталды.

Ал Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари елі­міздің ауыр атлеттері Бахрейнде өткен әлем чемпионатында табысты өнер көр­сеткенін атап өтіп, Лос-Анджелес Олим­пиадасының лицензиялық турнирін өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

Кездесу соңында Президент ауыр ат­летиканы ілгерілетуге үлес қосқаны үшін Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.