Рейд аясында олар аудандағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Нәтижесінде, екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды, – деп жазады Aikyn.kz.
Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі. Сауда нүктелерінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.
– Ауданымызда мониторингтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 16 дүкен тексерілді. 2 нысанда заңбұзушылықтар анықталып, ол үшін дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз барлық кәсіпкерге тыйым салынған тауарларды сатпау мәселесін ескертеміз, – деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.
Жедел профилактикалық шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде. Рейдте жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері тексеріледі.