Астаналық фитнес орталығында өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, Сарайшық ауданының Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан 7 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында фитнес орталығының бу бөлмесінде өрт шықты.
Құтқарушылар 7 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.