Ем көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтармен қажетінше жабдықталған.
Ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория  ашылды
gov.kz
486
оқылды

Бүгін Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Р.Сабденов ауылында Ақбұлақ дәрігерлік-амбулаториясы ашылып, ауыл тұрғындарының қолданысына берілді, - деп хабарлайды Аikyn.kz 

Ауылдықтарға медициналық қызмет көрсететін нысанда халыққа дәрігердің қабылдауы, ем-шара қабылдау, акушердің тарапынан пациент қабылдау, массаж, түрлі медициналық талдамалар жасау сияқты көмек түрлері көрсетіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауылда тіркелген тұрғындардың жалпы саны - 2237 адам. 14 қызметкер жұмыс істейтін емдеу мекемесі алғашқы және амбулаторлы ем көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтармен қажетінше жабдықталған.

Атап айтқанда, жүрек соғысын тексеру құрылғысы, электронды аквадистиллятор, волюметриялық инфузиялық сорғы, хирургиялық электрлік сорғы, ультрадыбыстық терапияға арналған бір арналы құрылғы, сенсорлық экраны бар қос арналы магнитотерапия аппараты, ингалятор, мультифункционалды физиотерапиялық аппарат, оптикалық кольпоскоп және т.б. бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз