Қазақстан әуежайларында шекаралық бақылаудан өту тәртібі жеңілдетілмек, - деп хабарлайды Аikyn.kz
Көлік министрлігі арнайы бұйрық жобасын жариялады. Жобаға сәйкес әуежайларда шекаралық бақылаудан өту тәртібі жолаушыларға ыңғайлы болмақ.
Атап айтқанда, бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Олар:
- Шекара қызметімен келісілген жолаушылардың ұшып келу және кету рәсімдерінен өту уақытын реттейтін әуежай стандартының болуы;
- Рәсімдерді орындау талаптары туралы жолаушылар үшін қолжетімді ақпараттың болуы;
- Шекара қызметімен келісілген паспорттық бақылау кезінде жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығының болуы және оның орындалуын бақылау;
- Жылына 1 миллионнан астам жолаушы ағыны бар әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің болуы.
Сонданымен қатар, шекаралық бақылау қызметкерлерінің сыпайылығы мен мейірімділігі мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жоба “Ашық НҚА" порталында орналастырылды және 31 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді болады.