Бұл – Сандуғаштың жұптық сында ITF додаларындағы төртінші титулы
Қазақстандық теннисші қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті
prosports.kz
859
оқылды

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева ITF санатындағы W15 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Prosports.kz мәліметінше, Қазақстандық теннисші чехиялық 18 жастағы Элиска Тихачковамен бірге финалда жарыстың германиялық Софи Стойер – бельгиялық Амели Ван Импемен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-чехиялық жұп камбэк жасап, бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде 1:6, 6:1, 10:8 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл – Сандуғаштың жұптық сында ITF додаларындағы төртінші титулы 

Өткен аптада қазақстандық теннисші түркиялық Илай Йорукпен бірге Анталияда үздік шыққан еді.