Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупі артуына байланысты екі жол жабылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
– Сағат 18.00-ден бастап Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 88-145 шақырымы (Жоғарғы Тайынты мен Самар арасы), сағат 20.00-ден бастап Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 30-60 шақырымы (Зоя Космодемьянская лагері мен Солтүстік жолының арасы) жабық болады, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
ТЖМ өкілдері өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.